Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 732 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған

Қызылорда облысында 732 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған


Қазақстан Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде 56-орынға көтерілді. Ізгілікке бастайтын шаралар ел өңірлерінде де кең өріс алған. Мәселен, биыл тек Сыр өңірінде жомарт жандардың қолдауымен 732 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 300 млн теңгенің көмегі көрсетілген. Бұл туралы Қызылордада алғаш рет өткен меценаттар форумында сөз болды. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Форум барысында өңірдің әлеуметтік серпілуне сүбелі үлес қосқан 12 азамат марапатталды. Басты мақсат – мұқтаж жандарға қолдау білдіруге даяр азаматтар мен ұйымдардың ынтымақтастығын арттыру. Руслан Рүстемов, облыс әкімінің орынбасары:  - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындап отыр. Оның ішінде «Туған жер» бағдарламасы бар. Мінекей, біз өзіміздің жастарымыздың бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін, отансүйгіштігін қалыптастыруға жұмыс жасап жатырмыз. Акцияға өңіріміздегі ірі меценаттар, кәсіпкерлер белсене қатысуда. Бүгінгі күнге дейін осы акцияның аясында 6,5 млрд теңгеге жуық қаражат әлеуметтік жобаларға бағытталатын болып келісіліп отыр.

24.kz
24 қараша 2017 ж. 1 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031