Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы
27 қарашасындағы №215/6 бұйрығымен Зейнулла Алиби Зейнуллаұлы Шиелі ауданы прокуроры қызметіне тағайындалды. Зейнулла Алиби Зейнуллаұлы
1982 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
2003 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық прокуратура органдарына қызметке қабылданып, Қызылорда қаласы прокурорының сот қаулыларының заңдылығын қадағалау саласы бойынша көмекшісі, 2007 жылы аға көмекшісі, 2009 жылы облыстық прокуратураның сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесін білдіру басқармасының прокуроры, 2011 жылы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2014 жылы облыс прокурорының кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, 2016 жылдан бері Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры лауазымын атқарып келген.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі сіңірген еңбегі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірнеше рет облыс прокурорының бұйрықтарымен «Алғыс жарияланған» және Бас Прокурорының 16.01.2008 жылғы 7/6 санды бұйрығымен республика бойынша «Ең үздік мемлекеттік айыптаушы» республикалық байқау-конкурсының жеңімпазы ретінде «Құнды сыйлықпен», сондай-ақ Бас Прокурорының «Құрмет грамотасымен» марапатталса, «Сүлеймен Есқараев – тұңғыш прокурор» мерекелік медалімен наградталған.
Отбасылы 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.
09 желтоқсан 2017 ж. 2 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031