Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА



Жұма күні аудан әкімдігінде «Қызылорда облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер туралы» мәселені облыстық мәслихаттың 2018 жылдың
наурыз айында өтетін кезекті сессиясына Шиелі ауданы бойынша әзірлеу жөніндегі жұмысшы комиссия мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске жұмысшы комиссияның уақытша төрағасы «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының директоры И.Оңғарбаев, комиссия мүшелері: облыстық мәслихат аппаратының басшысы М.Қосмамбет, облыстық мәслихат депутаттары Қ.Қасымов пен Р.Ысқақова және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламановтар қатысты. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Мүбараков, қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Тұрғанбаев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Баймағанбетов, Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маманы С.Смағұлов пен аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында «Қызылорда облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер туралы» «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының директоры И.Оңғарбаев хабарлама жасаса, Шиелі ауданы бойынша тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер туралы» аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров тоқталды.
Сондай-ақ, бүгінгі күні өзекті болып отырған маңызы зор мәселелер ортаға салынып, тиісті шешімдер қабылданды.

27 ақпан 2018 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930