Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік жылы қолдау тапты

Кәсіпкерлік жылы қолдау тапты



Кеше облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның модераторы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов күн тәртібіндегі екі мәселені тілге тиек етті.
Алғашқы болып облыс әкімі Қ.Көшербаев баяндама жасады. Онда облыс әкімінің «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі мен облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы кезекті есебі тыңдалды. Сондай-ақ, «2018 жылды облыс бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялау туралы» облыс әкімінің орынбасары Евгений Кимнің хабарламасы тыңдалып, бірлескен шешім бір ауыздан қолдау тапты.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Наурызбай Сейітқалиұлы, Қоғамдық кеңес мүшесі Нұрмұрат Наятұлы, «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Әлима Жақыпқызы, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықұлы баяндама жасады.
Жиын соңында 2018 жыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланып, барша облыс тұрғындарын шағын және орта бизнесті қарқынды дамытып, бар мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

«Өскен өңір» ақпарат.
14 ақпан 2018 ж. 3 136 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 105

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031