2018 кәсiпкерлік жылы болмақ
Жиылғандарды жаңа жылымен құттықтаған облыс әкімі Қ.Көшербаев бірінші кезекте 2015 жылдан бері облыстық білім басқармасының басшысы қыметін абыроймен атқарып келген Б.Сайлыбаевқа басқа жұмысқа ауысуына байланысты алғысын жеткізіп, марапаттады.
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі директоры қызметіне ауысқан Б.Сайлыбаев: «Білім саласында басшылық қызметте жүріп, заманауи ұстаздың қандай болатынын білдім. Ендігі жерде іргелі білім ордасында заман талабына сай жан-жақты мамандар даярлатын боламыз», – деп ризашылығын білдірді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов «Сырдария өзенінде су тасқынының алдын алу шаралары туралы» баяндама жасады.
Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев «2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шараларды атап өту жоспары туралы» хабарлады. Облыс әкімінің орынбасары Е.Ким «2018 жылы облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау үшін дайындық іс-шараларын қабылдау мен жұмысшы тобын құру мәселелері туралы» сөз өрбітті. Қосымша хабарламашы ретінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Н.Өмірсерікұлы, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Т.Кенжебаев, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы А.Махамбетовтер сөз алды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Сұлтангереев «Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы» баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, ұсыныстар айтылып, тапсырмалар тапсырылды.
«Өскен өңір» ақпарат.