Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » абыз басылымға 85 жыл

абыз басылымға 85 жыл

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі С.Мақашов ұзақ жылдық тарихы бар аудан айнасының алар орны мен беделінің жоғары екеніне тоқталса, «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев торқалы тойға тарту ретінде жаңа ғимарат алынып, іші заманауи үлгідегі жиһаздармен жабдықталғанын тілге тиек етті. Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Р.Жарылқасынов та ұжым мүшелерін жаңа ғимараттың ашылу салтанатымен құттықтап, ақ батасын берді. Ақжарма тілек тілегендердің барлығы жаңалық жаршыларының алдағы уақытта алар асулары, шығар белестері биік боларына сенім білдірді.
«Сыр Медиа» ЖШС-нің кезекті облыстық көшпелі алқа мәжілісі де осы ғимаратта өтіп, онда «2018 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылудың барысы туралы» бас директордың орынбасары М.Аралбаев, сайт мәселелерін жетілдіру төңірегінде «Қызылорда ньюс» газетінің бас редакторы М.Жетпісбаев, Астана қаласында өткен медиа-форум туралы «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Н.Байгенже, «Қармақшы таңы» газеті редакциясының атқарған жұмыстары туралы газет редакторы А.Үсенов хабарлама жасады.
Айтулы той мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараға ұласты. Онда «Сыр Медиа» ЖШС төрағасы Аманжол Сақыпұлы «Қармақшы таңы» газетінің 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, жаңалық пен жақсылықтың жаршысына айналған басылым ұжымына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаевтың құттықтауларын тапсырды.

«Өскен өңір» ақпарат.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 533 0