Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ақмаяда балабақша ашылды

ақмаяда балабақша ашылды

Жаңа балабақшаның лентасын аудан әкімі мен ғимараттың салынуына демеушілік жасаған кәсіпкер Абдулла Әділбеков қиды. Тәттіден шашу шашылып, жиналғандар «бүлдіршіндер ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін» деген тілектерін жаудырды.
Бас-аяғы 100 млн. теңгеден аса қаржыға салынған ғимарат 120 орынға арналған. Қазіргі уақытта 80 бала 4 топта тәрбиеленуде. Ауылдағы 25 жанды жұмыспен қамтып отырған балабақша құрылтайшысы Жәмила Әділбек «Балабақша ғимараты бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кең әрі ыңғайлы. Ата-аналар да дән риза. Алдағы уақытта тағы да 2 топ ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді.
Бүгінде ауданда 17 мемлекеттік, 63 жеке балабақшамен қатар 48 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі балалар балабақшамен толық қамтылған.
Гүлхан ЯХИЯЕВА.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 769 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728