Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте талқыланған мәселелер

Мәжілісте талқыланған мәселелер

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғ.Сейтов ауданда жаппай кәсіпкерлік саласын дамыту туралы баяндамасын жасап, жыл басынан бері тіркелген кәсіпкерлер мен жаңадан ашылған жаңа жұмыс орындары жайында ақпар берді. Ал, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман 2017-2018 жылдары жылу беру маусымының өту барысы жайында хабарлама жасады. Ол ауданға тасымалданып жатқан көмір, оның бағасының түсуі мен білім ошақтарына алынып жатқан газ қазандықтары мен оның орнатылуы жайында айтып өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Әбдіқадыров 2018 жылға арналған қоғамдық күнтізбелік іс-шараның жобасын ұсынды. Кент әкімі Ғ.Аманжолов санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығының жүру барысы туралы ақпараттар берсе, оған қосымша аппарат басшысы Ғ.Күлбаев арнайы әзірленген слайд арқылы ауданымыздың көркін қашырып тұрған қоқыс жатқан көшелерді қатысушыларға көрсетті. Сонымен қатар, 2017 жылғы 16-шы қаңтар мен 1-ші ақпан аралығында өткен аудан бойынша есепті кездесудің 13.11.2017 жылға орындалуы жөнінде мағлұматтар берді.
21 қараша 2017 ж. 1 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031