Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПТІҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛСА...

КӨПТІҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛСА...

Күн бата ауылға қайтпақшы болып автобекетке барған едік. Онда «Бидайкөл» ауылы мен №25 бағытындағы ГАЗельдер ғана қалыпты. Олардың да соңғысы жүргелі тұр. «Ақмая», «Еңбекші» сынды алыс орналасқан ауылдарға баратын автвобустардың соңы күн еңкейгенде тоқтаған. Жұмысынан ертерек шыққандар асып-сасып көліктен қалып қоймайық деп детектеп жүр. Ал, ауылына баратын көліктерден қалып қойғандар болса ұялы телефонымен әлек. Ондағы мақсаттары жеңіл көлігі бар таныстарын түгелдеп, елге жету. Ол табылмаса амалсыздан сол аумаққа жақындатып тастайтын таксилерге жағдай айтады. Бензиннің тапшылығы мен қымбаттауына байланысты олардың бағасы айтпаса да түсінікті.
Заман талабына сай барлық сала бойынша алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттердің көшінен қалып қоймас үшін елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Осыған орай барлық мекемеде тәртіп күшті, талап қатал. Міндеттелген жұмысын мәресіне жеткізіп, еңбек күнін толық аяқтаған соң, үйіне қайта алады. Сол себепті қоғамдық көлікке мінуден қалып, үлгеруді ойынан шығарғандар да бар. Осыған орай көпшіліктің тілегі қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылса дегенге келіп тоқтайды.
Иә, осы мәселені аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоғамдық көліктің бағыты мен уақытын белгілегенде жоғарыда айтылған жайттарды ескерсе көптеген тұрғындардың алғысына бөленер ме еді? Мектептер мен балабақшаларды қоспағанда аудан орталығында 70-тен астам мекеме бар. Осы мекемелерде қызмет ететін қызметкерлердің қалта шығынын азайтып, ризашылығына бөленер еді.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
21 қараша 2017 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031