Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ


№3 балалар оңалту орталығының мәжіліс залында «Мейірім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлмира Бердиеваның қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында Гүлмира Бердиева Президенттің диалог алаңында көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, Жолдауда айқындалған негізгі бағыттар мен алдағы міндеттер жөнінде пікір білдірді. Әсіресе, әлеуметтік саланы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін оңалту қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар балаларды қолдау, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Жиын қорытындысында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
23 қараша 2026 ж. 25 0