ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституция – еліміздің саяси-құқықтық дамуындағы маңызды кезең. Ата Заңның жаңартылуы мемлекетті басқару жүйесі, халықтың билікке қатысуы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жаңа көзқарастарды қалыптастырады.
Маңыздысы – «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деген қағиданың айқын көрініс табуы. Халықтың мемлекет басқару ісіне қатысуы, ел тағдырына қатысты шешімдерге үн қосуы – азаматтық қоғамның дамуы үшін маңызды.
Құрылтай, Халық Кеңесі және Вице-Президент институттары секілді өзгерістердің тиімділігі олардың іс жүзінде қалай жүзеге асатынына, халықтың мүддесі мен азаматтардың құқықтарын қаншалықты қамтамасыз ететініне байланысты.
Конституцияның басты құндылығы – оның қағаз жүзінде қалмай, әр азаматтың өмірінде нақты сезілуі. Заң үстемдігі сақталып, адам құқығы қорғалып, әрбір азаматтың дауысы ескерілгенде ғана Әділетті Қазақстанның іргесі нығая түседі.
Жаңа Ата Заң елдің болашағына деген жауапкершілікті арттырып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етсін! Ең бастысы – Конституцияның әрбір нормасы халық игілігі үшін жүзеге ассын!
ПАЛЫМБЕТ НАЙЛЯ ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ
Шиелі ауданының әйелдер кеңесінің төрайымы







