Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АССАМБЛЕЯ АКТИВІ

АССАМБЛЕЯ АКТИВІ

Кеше «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған облыстық ассамблея активінің отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, жастар қанаты, ғылыми-сарапшылық топ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, облыстық, қалалық қоғамдық келісім кеңесі, қаладағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив отырысының модераторы облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы болды. Маңызы жоғары жиынның алғы сөзін облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким алып, Жолдауда көрсетілген 10 бағыттың тиімділігін сөз етті.
Жиында облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуаныш Дәуренбеков, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының мүшесі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің аға оқытушысы, филология магистрі Талғат Телеубаев, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Александр Подольских, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин, «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестік медиатор жабдықтырушысы Ләззат Бақтыбаева ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Елбасының кезекті Жолдауының негізі бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен оның басымдықтарына тоқталды.
«Өскен өңір» ақпарат
16 қаңтар 2018 ж. 1 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031