Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
  С. Сермағамбетов 1965 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
  Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігінің материалдық-техника жабдықтау орталық базасының аға экономисті ретінде бастаған.
Әр жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
  2016 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
02 мамыр 2018 ж. 3 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31