Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ


Мақаш Мұхамедәлі Убайдуллаұлы Шиелі ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №134 өкімімен «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Мақаш Мұхамедәлі Убайдуллаұлы 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1982 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің қолданбалы математика, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының экономист мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Алғаш еңбек жолын 1982-1983 жылдары аудандық информациялық орталығында инженер болып бастаған. 1983-1992 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасында экономист, Ы.Жақаев колхозының бас экономист, 1992-1995 жылдары Ы.Жақаев колхозында бас бухгалтер, 1995-2001 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасының экономика жөніндегі орынбасары, 2001-2003 жылдары ауылшаруашылығы саласы бойынша аудан әкімінің орынбасары, 2003-2005 жылдары «Шиелі көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас есепшісі, «Салықшы» мемлекеттік мекемесінің директоры, 2005-2006 жылдары аудандық қаржы бөлімінің бас маманы. 2006-2007 жылдары Ақмая ауылдық округінің әкімі, 2007-2008 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2008-2014 жылдары Иіркөл ауылдық округінің әкімі, 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
Отбасылы, 6 бала тәрбиелеп отыр.
03 наурыз 2018 ж. 1 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930