Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шиелі ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" КММ-не жаңа басшы тағайындалды

"Шиелі ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" КММ-не жаңа басшы тағайындалды


Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы Шиелі ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №124 өкіммен «Шиелі ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы-1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 
Білімі жоғары. 2002 жылы Қызылорда «Сейхұн» институтының қаржы және несие мамандығын. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заңтану мамандығы бойынша аяқтаған. 
Еңбек жолын 2005-2006 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде іс-жүргізуші болып бастаған. 
2006-2007 жылдары аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы,
2007-2013 жылдары бас маман-бас есепшісі, 
2013 жылдан бері осы күнге дейін аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. 
Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Шиелі Ауданы Әкімдігі фейсбук парақшасынан
17 ақпан 2018 ж. 2 880 0