Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қытай 10 миллион автокөлік экспорттайды

Биыл Қытай 10 миллион автокөлік экспорттайды

Қытайдан автомобиль экспорты биыл алғаш рет 10 миллион данадан асуы мүмкін. Мұндай болжамды Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Қауымдастықтың мәліметінше, алғашқы тоғыз айда шетелге 8 миллионнан астам автокөлік жеткізілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға көп.
Қытай автомобильдерінің экспорты Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдерін қамтиды. Бұл нарықтарда электромобильдер мен гибридті көліктерге сұраныс жоғары.
Сала сарапшыларының пікірінше, қолжетімді баға мен заманауи технологияларды енгізу Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етіп отыр.
Еске салайық, 1-3 қазан аралығында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылған еді.
18 қазан 2026 ж. 26 0