V Жазғы Пара Азия ойындары: Ашылу салтанатын қайдан көруге болады?
18–24 қазан аралығында Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында V Жазғы Пара Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы додада Азияның 45 елі мен өңірінен 4 мыңға жуық спортшы 18 спорт түрінен 502 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Ашылу салтанатында еліміздің Мемлекеттік туын Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен парадзюдошы Аяла Мереке алып шығады.
Ұлттық құрама сапында 12 спорт түрінен 150 спортшы ел намысын қорғайды.
Ашылу салтанатын бүгін сағат 14:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсімнің өтіп, спортшылардың Жапонияға жол жүргенін хабарлаған едік.