Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорда әкімі экологиялық акцияны жалғастыруды ұсынды

Елорда әкімі экологиялық акцияны жалғастыруды ұсынды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық экологиялық акция 27 шілдеде, яғни осы сенбіде өтеді. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі тұрғындарды қалалық акцияға қатысуға шақырды. 
"20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз", - делінген Алтай Көлгіновтің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялап, қазақстандықтарды тазалық акциясына қатысуға шақырды.
20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, 10 тонна қоқыс шығарылды.
22 шілде 2019 ж. 1 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031