Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңадан екі министрлік құрылды

Жаңадан екі министрлік құрылды


  Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жаңадан екі министрлік құрылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

* * *
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев

•Туған жылы: 1978 жылы 7 қараша
•Туған жері: Алматы қаласында туған.
•Білімі: «Тұран» университеті (1999) Экономист
•Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003) Халықаралық қатынастар саласындағы маман
•Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010) мұнай-газ кен орнын өндіру
2001-2004 жылдары – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдама.
2004-2007 жылдары – өндіріс бойынша менеджер («MI Drilling Fluids International» Ақтау филиалының басшысы).
2007-2010 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010- 2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.
2012 – 2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013 – 2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014 – 2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі
2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды
17 маусым 2019 ж. 826 0