КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ!

Конституция – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың кепілі. Ата Заңымыз мемлекеттің даму бағытын айқындап, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болады.
Заң үстемдік еткен қоғамда әділдік орнап, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Сондықтан Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және өз құқығымызбен қатар міндеттерімізді де білу – әрбір азаматтың парызы.
Заңға құрмет – елге құрмет! Ата Заңымыздың айбыны асқақтап, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болғай!
Ата Заңымыз – әділетті қоғамның, берекелі бірліктің және жарқын болашақтың негізі!
ӨТЕТІЛЕУОВА ЖАНСАЯ
Медицина саласының маманы






