Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде орнықтырады.



Конституцияның талаптарын білу – тек заң саласының мамандарына ғана емес, әрбір азаматқа қажет. Себебі күнделікті өмірде білім алу, еңбек ету, әлеуметтік қамсыздандыру, өз пікірін білдіру, мемлекеттік қызметтерді пайдалану секілді көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз Ата Заңмен байланысты.
Әсіресе, жас ұрпақтың конституциялық сауаттылығын арттыру – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Өз құқығын білетін азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғам алдындағы жауапкершілігін де терең түсінеді.
Конституцияны білу – өз құқығыңды білу.
Заңды құрметтеу – елді құрметтеу.

АЙНУРА НАЗАРОВА
Журналистер Одағының мүшесі
15 қазан 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031