ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Кеше аудан әкімдігіне қарасты мекемелерге аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов пен аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституция кітаптабын таратты.Ата Заң – мемлекеттің құқықтық іргетасын айқындайтын, ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын нығайтатын ең басты құжат. Уақыт талабына сай жаңартылған Конституция мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына серпін беретін маңызды құқықтық құжат ретінде қабылданды.
Жаңа Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданып, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжатты әзірлеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылар қауымынан түскен ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, халықтың пікірі ескерілді.
11 бөлім мен 96 баптан тұратын жаңа редакциядағы Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және қоғамдық-саяси институттардың рөлін күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қамтылған. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне басымдық берілген.
Жаңа Конституция – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып қана қоймай, әділетті, ашық әрі жауапты қоғам қалыптастыруға негіз болатын маңызды құжат. Сондықтан оның мазмұны мен негізгі қағидаттарын халық арасында кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ата Заңды құрметтеу – мемлекеттілікті құрметтеу. Ал Конституция қағидаттарына адалдық – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.
«Өскен өңір» ақпарат








