Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН СПОРТШЫЛАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН СПОРТШЫЛАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Қабілеш Бекішев, Жібек Баймұратова, Қанат Жүсіпов және Гүлнара Тымбаулиева аудан спортшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері спортшылармен пікір алмасып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен мазмұны туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат екені айтылды.
Жиында сөз алған коалиция мүшелері Конституциялық реформаның маңыздылығын айтып, жаңа Конституция Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоғамдағы ашықтық пен әділдікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Жиында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшесі Қабілеш Бекішев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталды. Жаңа Конституция жобасы еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды стратегиялық құжат болып табылады. Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және елдің тұрақты дамуына негіз болатын бірқатар маңызды нормалар қамтылғанын атап өтті. Қабілеш Бекішев өз сөзінде жаңа Конституция жобасын қабылдау елдің болашағы үшін аса маңызды қадам екенін айтып, алдағы республикалық референдумға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі екенін жеткізді.

Шара барысында бапкерлер мен спортшылар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, коалиция мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

02 наурыз 2026 ж. 80 0