ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық өкілдері Мұрат Тұрабаев, Қалмырза Қасымов, Нұргүл Шалекеева және Нұрсұлтан Сапарбаев қаржы саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, құжатта көзделген саяси реформалардың маңызы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.
Спикерлер жаңа Конституция жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын орнықтыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, құжатты әзірлеу барысында қоғамдық пікірлер мен ұсыныстардың ескерілгені, бұл оның шынайы халықтық сипатқа ие екендігін айғақтайтыны жеткізілді.
Кездесу барысында қаржы саласының қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды. Коалиция өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, алдағы маңызды саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына, экономикалық өсім мен қоғамдық келісімді нығайтуға негіз болатынын атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
Жиын барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, құжатта көзделген саяси реформалардың маңызы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.Спикерлер жаңа Конституция жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын орнықтыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, құжатты әзірлеу барысында қоғамдық пікірлер мен ұсыныстардың ескерілгені, бұл оның шынайы халықтық сипатқа ие екендігін айғақтайтыны жеткізілді.
Кездесу барысында қаржы саласының қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды. Коалиция өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, алдағы маңызды саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына, экономикалық өсім мен қоғамдық келісімді нығайтуға негіз болатынын атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз






