Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Руханият» орталығында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қолдау жөніндегі «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Шиелі аудандық өкілдері кітапханашылармен мазмұнды кездесу өткізді.


Аталған жиынға коалиция өкілдері Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы, Баймұратова Жібек Орынбайқызы, Досанов Сәбитхан Кемелұлы, Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы, Жақыпова Гулдана Көпболсынқызы және Әбдешов Ержан Біржанұлы қатысты.

Кездесу барысында Конституция жобасында ұсынылған өзгерістердің мазмұны, құқықтық тетіктері және олардың қоғам дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кітапхана саласының мамандары өз кезегінде жобаның мәдениет пен руханият саласына қатысты тұстарына қызығушылық танытып, пікір алмасты. Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

Мұндай түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, реформалардың мәні мен маңызын кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
16 ақпан 2026 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930