Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ХAЛЫҚТЫҚ ШТAБ МҮШEЛEPІ AУЫЛ ТҰPҒЫНДAPЫМEН КEЗДEСТІ

АУДАНДЫҚ ХAЛЫҚТЫҚ ШТAБ МҮШEЛEPІ AУЫЛ ТҰPҒЫНДAPЫМEН КEЗДEСТІ

Кеше АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Жанкелді Ысқақ, Жібек Баймұратова, Құттықыз Ыханова, Айнұр Архабаева, Гүлдана Жақыпова, Кенжехан Есенбаев, Нұргүл Шалекеева Иіркөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде Иіркөл ауылдық округінің тұрғындары референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
25 қыркүйек 2024 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930