ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Жібек Баймұратова, Асхат Ермаханов, Қанат Жүсіпов, Дана Аман, Серікбай Берімбетов, Мұрат Әшірбеков Жуантөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
«Бүгінде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», - деді Қанат Жүсіпов.
Энергетика саласында көршілес мемлекеттерге тәуелділіктен арылу және экологиямызды түзеу, жасыл экономикаға көшу үшін АЭС салу маңыздылығы жайында Жібек Баймұратова тоқталып өтті.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.