Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «БИДАЙКӨЛ» ШҚ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «БИДАЙКӨЛ» ШҚ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Болат Сыздық, Исабек Байкенжеев, Жібек Баймұратова, Болат Сүлейменов референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Бидайкөл» ШҚ – ның еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб төрағасы Болат Сыздық Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шұғыл әрі түбегейлі шешу керек,- деді Болат Сүлейменов.
Жиында еңбек ұжымдары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды.
10 қыркүйек 2024 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031