Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада халықтық штаб өкілдері «Бастау» ЖШС ұжымымен кездесті

Қызылордада халықтық штаб өкілдері «Бастау» ЖШС ұжымымен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері Алмасбек Есмаханов, Серік Дүйсебаев, Ибадулла Құттықожаев, Жорабек Нұрымбетов, Ержан Искендер, Ибрагим Басықараев референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Бастау» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Мекеме ұжымымен әңгіме барысында облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.

«Мемлекет басшысы халықтың мүддесін қозғайтын мәселелерді үнемі кеңесу арқылы шешіп келеді. Кешегі Жолдауында да елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы жүзеге асыру керектігін айтты. Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор»,- деді Алмасбек Есмаханов.

Штаб мүшесі Жорабек Нұрымбетов Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғандығын, осы орайда энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер ететіндігіне тоқталды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Мәселен, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі өте жоғары, екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Бұл мәселелер болашақта бір жақты шешіледі деп сенеміз», - деді Жорабек Нұрымбетов.

2007 жылдан өңірдегі ірі мұнай компанияларына көлік қызметін ұйымдастырып отырған «Бастау» мекемесі ұжымында бүгінгі күні 248 азамат жұмыс атқарады. Референдум туралы мағұлматтарға қанық жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
10 қыркүйек 2024 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930