Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері теміржолшылармен кездесті.
АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері қастысушыларға Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі - деді.
Сонымен қатар штаб мүшесі Қалмырза Қасымов - «Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады», – деді ол.
Кездесуде теміржолшылар референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
09 қыркүйек 2024 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930