Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша «AMANAT» партиясы аудандық штаб төрағасының орынбасары Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы және штаб мүшелері Исмаил Өркен Әзімханұлы, Бекішев Қаблеш Сейітбекұлы "Волковгеология" акционерлік қоғамы №23 геологиялық барлау экспедициясы» филиалының жұмысшыларымен кездесті.
Штаб мүшелері қастысушыларға Мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі пайда болып, елдегі саяси ахуалға жаңа леп болатын Конституциялық Референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі. Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын (Парламент, мәслихат) айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз – деп, 5 маусым күні өткізілетін референдумға толық қатысуға шақырды.

03 маусым 2022 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31