Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТТАРЫ ШИЕЛІ ТҰРҒЫНДАРЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ

ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТТАРЫ ШИЕЛІ ТҰРҒЫНДАРЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских жұмыс іс-сапарымен Шиелі ауданына келді.

Іс-сапар аясында, депутат Бақытбек Смағұл Беәйгеқұм, Талаптан, Жөлек, Ортақшыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, Ата заңға енгізілетін түзетулер халықтың әл-ауқаты мен тұрмысынан бастап, елдің экономикасына дейінгі барлық салаға өзгеріс әкелетінін жеткізді.
Штаб мүшелері мәслихат хатшысы Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы мен фракция мүшесі Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы да қатысып отырды.

ҚР мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Алмалы, Жуантөбе, Бестам және Иіркөл ауыдық округтеріне барды. Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілетіндігін, бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі екендігін атап өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының штаб төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, штаб мүшелері Қасымов Қалмырза Айдарұлы, Абызбаева Самал, Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы және облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Баян Сабырқызы да қатысты.

Ауыл тұрғындары өз тарапынан Мәжіліс депутаттарына ерекше ықыластарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.
30 мамыр 2022 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930