Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты Смағұл Бақытбек бәйгеқұмдықтарды референдаумға қатысуға шақырды

Мәжіліс депутаты Смағұл Бақытбек бәйгеқұмдықтарды референдаумға қатысуға шақырды

Президент Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Смағұл Бақытбек жұмыс іс-сапары аясындағы халықпен кездесудегі Бәйгеқұм ауылдық округіне жалғасты. Халықпен кездесудегі мақсаты - халыққа жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын қолдау. Аталған кездесуге ауыл тұрғындарды жиналып, референдум өзгерісіне қолдау көрсетіп, өз ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесуге штаб мүшелері мәслихат хатшысы – Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы, фракция мүшелері – Әмір Нұрлан мен Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы қатысты. Мәжіліс депутаты еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету және сайлау жүйесін реформалау.
Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар.
Бұл референдум – жеке адамның мүддесін қорғауға емес, барша халықтың мүддесін қорғауға, мемлекетімізді жаңа қырынан дамытуға, жаңғырту және нығайтуды көздейді. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі. Сондықтан баршаңызды Референдумды қолдауға шақырамын – деді, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Смағұл Бақытбек.


26 мамыр 2022 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930