Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты Генадий Шиповских референдумның маңызын ауыл тұрғындарына түсіндірді

Мәжіліс депутаты Генадий Шиповских референдумның маңызын ауыл тұрғындарына түсіндірді

Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Геннадий Шиповских референдумның маңыздылығын ауыл халқын түсіндіру үшін Алмалы, Жуантөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Сонымен қатар кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының штаб төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, штаб мүшелері Қасымов Қалмырза Айдарұлы, Абызбаева Самал, Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы және облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Баян Сабырқызы қатысты. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты, Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Генадий Шиповских "Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады" деді.


26 мамыр 2022 ж. 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930