Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бестамдықтар референдумда белсенділік танытатындықтарын айтты

Бестамдықтар референдумда белсенділік танытатындықтарын айтты

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Геннадий Шиповских өңірге сапары барысында Шиелі ауданына қарасты Бестам ауылының тұрғындарымен кездесіп, референдум қатысуға шақырды.

Мәжіліс депутаты тұрғындармен кезедсуде референдум өткізу – демократиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті.

"Меніңше халықты мемлекеттік басқаруға араластыру дұрыс. Себебі конституцияда болатын рефермалар суперпрезиденттік басқарудан мықты президент ықпалды парламент және есеп беретін үкімет моделіне көшу. Сол арқылы халықты мемлекеттік басқару ісіне араластыру, халықтың бостандығын, құқығын қорғау соған жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Экономикадағы монополияны, олигополияны алып тастау, жемқорлыққа жол бермеу. Осының бәрі алда болатын референдум арқылы жүзеге асады",- деді республикалық штаб мүшесі Г.Шиповских.
Ауыл тұрғындарымен кездесуге облыстық штаб мүшесі Баян Дүйсенбек, аудандық штаб төрағасы Болат Сыздық пен штаб мүшесі Қалмырза Қасымовтар да қатысып, әділетті қоғамды қалыптастыру жолында бұл саяси өзгерістің қажеттілігін айтып, оған жауапкершілікпен қатысуға және өзгерістерге дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғындары референдумды қолдайтындарын айтып, өзгеріс тұрғысында ойларын бөлісіп, алдағы науқанға ауыл болып атсалысатындарын жеткізді.
#ReferendumAMANAT
26 мамыр 2022 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930