Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумның маңыздылығы айтылды

Референдумның маңыздылығы айтылды

Бүгін облыстық штаб өкілдері референдум маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Шиелі кентіндегі "Арман " мәдениет үйінде Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов және Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақ спортының жанашыры, Сыр спортын биік белестерге көтерген нар тұлғалы азамат Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев қатысты.
Облыстық штаб өкілдері референдум өткізу – демократиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтіп, референдумға қатысудың мәні мен әр тұрғынның дауысы маңызды екендігін түсіндірді.
Жиын соңында елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.
21 мамыр 2022 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031