Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Өздеріңізе белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 05 мамыр күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды және референдум 5 маусым күні өткізілетін болып белгіленген болатын.
Осы тұрғыда, бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының жанынан құрылған штаб мүшелері Майлытоғай, Жөлек, Ортақшыл, Алмалы, Жуантөбе ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері ауыл тұрғындарына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетінін, Конституциялық сот құрылатынын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын, елімізде өлім жазасы мүлде жойылатындығын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатыны жайлы кеңінен түсіндіріп, халықтың ұсыныстарын тыңдады.

11 мамыр 2022 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728