ТҰРАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР ДЕПУТАТТАРҒА ТАЛАП-ТІЛЕГІН ЖЕТКІЗДІ
Керделідегі жиыннан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы референдумнің маңыздылығын түсіндіріп, қолдау мақсатында Тұран ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Сапар аясында көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ жастармен кездесіп сұқбат өрбітті.
Мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі пайда болып, елдегі саяси ахуалға жаңа леп болатын Конституциялық Референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.
Сондықтан, 5 маусым күні әр қазақстандықты өзінің азаматтық борышын орындауға шақырамын. Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді деп есептеймін» - деді Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Кесебаева Балайым.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының штаб төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, штаб мүшесі Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы және облыстық мәслихат депутаты, облыстық штаб мүшесі Алмашева Манат Тамабайқызы қатысып, пікірлерін айтты.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары референдум өзгерісіне ұсыныс-пікілерін жеткізіп, қолдайтындарын айтты.
#ReferendumAMANAT