Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері жастармен кездесті.
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері қастысушыларға Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі екендігін түсіндірді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шұғыл әрі түбегейлі шешу керек,- деді Гүлдана Жақыпова.
Сонымен қатар штаб мүшесі Айнұр Архабаева - «Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады», – деді ол.
Кездесуде жастар референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
16 қыркүйек 2024 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031