КӘСІПТІК ОДАҚ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Кәсіптік одақ күні қарсаңында партия мүшелері кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды.Іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлермен ашық диалог орнату, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді талқылау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік әріптестікті нығайту. Кездесу барысында партия мүшелері кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне назар аударылды.
«Ашық есік күні» акциясы аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпкерлік қызмет пен еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға, өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.
Партия мүшелері еңбек адамының құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өңір экономикасын дамытудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және халықтың әл-ауқатын арттырудағы рөліне тоқталды.
«Ашық есік күні» акциясы азаматтар мен партия өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлердің мәселелеріне назар аударуға және еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған маңызды алаң болды.






