Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АШЫҚ ҚОҒАМ: АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

АШЫҚ ҚОҒАМ: АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Ашық қоғам: азаматтық бақылау мен әлеуметтік серіктестік» тақырыбында сарапшылық диалог алаңы өтті.
Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысып, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады. Кездесуге «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова қатысты.

Диалог барысында қоғамдық бақылаудың тиімді тетіктері, тұрғындардың қоғамдық үдерістерге қатысу белсенділігін арттыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және азаматтардың ұсыныстарын шешім қабылдау үдерісіне енгізу мәселелері көтерілді.

«Әділет» партиясы үшін халықпен тұрақты байланыс орнату және азаматтардың талап-тілегіне құлақ асу - қоғамдық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте партия белсенділері тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі зерделеп, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ қоғамдық кеңестердің азаматтық бақылаудағы орнына ерекше назар аударылды. Қоғамдық маңызы бар мәселелерді ашық талқылау, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында тиімді кері байланыс қалыптастыру және нақты ұсыныстар әзірлеу - ортақ жауапкершілікті күшейтудің маңызды шарты екені айтылды.

Кездесу қорытындысында азаматтық бақылауды дамыту, қоғамдық бастамаларды қолдау және мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту қажеттігі жөнінде ортақ ұстаным қалыптасты.

«Әділет» партиясы өз кезегінде ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және көтерілген мәселелердің нақты шешім табуына бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
14 қыркүйек 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930