Бес әлеуметтік бастама
«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, партия жұмысымен және ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Құрамында «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас консультанты Ж.Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Б.Айткей, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі М.Баекеев бар қонақтар алдымен аудандандық емханада, одан кейін Ы.Жақаев музейінде болды.
Еліміздің бас партиясы өкілдерін аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет алып жүрді. Іссапар барысында нұротандықтар аудандық ауруханадағы бастауыш партия ұйымының жұмысымен, партия кабинетімен танысып, мекеме қызметкерлеріне «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндірді. Кездесуде бірқатар партия белсендісі арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың музейімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Бағдарланған іссапар соңы тұрғындардың өтініштері бойынша қоғамдық қабылдауға жалғасты.
«Өскен өңір» ақпарат.