Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА ПАРТИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БОЛДЫ

АУДАНДА ПАРТИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БОЛДЫ



«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып партия жұмысымен және ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
Іс-сапар барысында «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас консультанты Жұмажан Қамкенұлы, «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Айтбек Болатбек, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Әбдуалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Әлиасқарұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызымен бірге «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымының жұмысымен, партия кабинетімен танысып, мекеме қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіруге бағытталған кездесу өтті. Кездесуде бірқатар партия белсенділері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың музейімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды. Бағдарланған іс –сапар соңы тұрғындардың өтініштері бойынша Қоғамдық қабылдау өтті.
26 тамыз 2018 ж. 1 254 0