ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ
Партия мүшелерінің қатысуымен «Заң үстемдігі және құқық мәдениетті арттыру» тақырыбында әділет саласы, қаржы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда заң үстемдігі қағидаттарын насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндіру және заң талаптарын сақтау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Ақпараттық сағат барысында заң үстемдігі – әділетті қоғам құрудың негізгі қағидаттарының бірі екені атап өтілді. Қатысушылар заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық жауапкершілікті арттыру және қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар құқықтық мәдениеттің күнделікті өмірдегі рөліне ерекше назар аударылды. Құқықтық мәдениет тек заң нормаларын білумен шектелмей, әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін, заң талаптарын құрметтеуін және өзге адамдардың құқықтарына жауапкершілікпен қарауын қамтитыны айтылды.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері де қозғалды. Қатысушылар құқықтық білім беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің және азаматтарға құқықтық ақпаратты қолжетімді түрде ұсынудың маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар заңды білу және оны құрметтеу – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Мұндай кездесулердің құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыруға және заң үстемдігі қағидаттарын кеңінен насихаттауға ықпал ететіні айтылды.









