Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы тынығу лагерінде жаңа Заң таныстырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жазғы тынығу лагерінде жаңа Заң таныстырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

1 шілде – Конституцияның күшіне енуіне байланысты “Сыр ұланы” жазғы тынығу лагерінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Заңның негізгі мақсат-міндеттері, басты қағидаттары мен маңызды баптары кеңінен түсіндірілді. Мамандар заң талаптарының қоғамдағы маңызына тоқталып, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Кездесу барысында балалар заң талаптарын күнделікті өмірде сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілікті сезіну мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.  Сондай-ақ интерактивті сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылардың құқықтық білімін нығайтуға басымдық берілді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

29 маусым 2026 ж. 28 0