Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде тегін құқықтық қызмет көрсететін орталық ашылды

Ақтөбеде тегін құқықтық қызмет көрсететін орталық ашылды

Онда жоғары білікті заңгер мамандар тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, жан-жақты құқықтық көмек көрсетеді. Әсіресе шиеленіскен еңбек дауларын заңды шешу жолдарын ұсынады. Орталық Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ашылды. Халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, заңдарды түсіндіру мақсатында қолға алынған жобаға мемлекеттік грант бөлінген. Мұндағы мамандар аптасына 4 күн қабылдау жүргізеді. Айдос Кенғанов, «Облыстық кәсіподақ ұйымы» бірлестігі төрағасының орынбасары: - Бұл жоба республикамыздың батыс өңірі бойынша заңға бағынатын азаматтардың қатарын көбейту, құқықтық мәдениетті жоғарылату, заңды нигилизмді барынша азайту, құқықтық көмек туралы ақпараттың қолжетімділігін бағалау мақсатында құрылып отыр. Орталықта Ақтөбе қаласы тұрғындарына ақысыз түрде құқықтық көмек көрсету, кеңес беру, ақпарат беру, тағы басқа қызметтер көрсетіледі.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 1 258 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 75

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031