Құқықтық қызметтер қолжетімді болмақ
Алдыңғы күні Шиелі ауданының орталығында орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратының жанынан «Құқық қорғау қызметтері» орталығы ашылды.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкіміӘ.Оразбекұлы, мәслихат хатшысы Б.Сыздықов, аудан әкімінің орынбасарлары Т.Жағыпбаров, А.Есмаханов, сот саласының ардагері Т.Баймағанбетов және ардагерлер мен сала мамандары қатысты. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Бұл – прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік. Бүгінгі ашылып отырған орталықтың да басты міндеті – атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету» – деді аудан әкімі жаңа орталықтың ашылу барысында.
Іске қосылған орталықтан жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады. Жобаның мақсаты – азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, сапалы құқықтық қызметтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізу болып отыр.
Г.Дүйсебай.
Сурет Б.БӘЙІМБЕТТІКІ.