Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » шиеліде «Sulpak» ашылды

шиеліде «Sulpak» ашылды

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, заманауи үлгіде ашылып жатқан сауда орталығы халық игілігіне қалтқысыз қызмет етеді деген сенімін білдірді. Сонымен қатар, шырайлы Шиелі өлкесінде ашылып жатқан сауда нүктесі Қызылорда облысына қарасты аудандардың ішінде алғашқысы болып бой көтергенін мақтанышпен тілге тиек етті. Сондай-ақ, қос мереке, яғни, Тұңғыш Президент күні мен Мәуліт мерекесі қарсаңында ашылып жатқан сауда нүктесі қызметкерлеріне «Нұр Иман» мешітінің имамы Абдусамат Нұрсейітов ізгі тілектерін тіледі. «Sulpak» компаниясының серіктесі Дастан Тұрғанбаев пен «Компания «Арена-S» ЖШС-нің оңтүстік бойынша аймақ директоры Юрий Голатюктер де тұрғындарға жақсы тілектерден соң: «Қош келдіңіздер!», – деді.
Салтанатты түрде лента қиылып, ашылуын күтіп жүрген аудан тұрғындары сауда нүктесін аралап, қажеттерін алып жатты.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 468 0