Таеквондо тарландары
Қаһарлы қыстың алғашқы күні Көкшоқы елді мекеніндегі спорт клубта таеквондодан жасөспірімдер мен жастар арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. Оған облысымызға қарасты аудандардан келген 150-ге жуық спортшы қатысты. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткізілген шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов өзінің құттықтау сөзімен ашып берді. Спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға арналып ашылған спорт мектептерін атап өтті. Сонымен қатар, ауданымыздың Құрметті азаматы, спорт жанашыры Пердәлі Архабаев та спортшыларға сәттілік тіледі.
40 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Жеңіс жолында жасөспірімдер күресті. Мықтылар мықтылығын көрсетіп, жеңістің төрінен көрінді. Атап айтсақ, командалық есеп бойынша ауданымыздың спортшылары алдыңғы саптан көрінді. Яғни, І орынды иеленді. Ал, көрші Жаңақорған ауданының спортшылары ІІ орынды, Қызылордадан келген жастар ІІІ орынға тұрақтады.