Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар кеңес берді

Мамандар кеңес берді

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын орындардың бірі автовокзал ғимаратында тегін құқықтық кеңес беру өтті.
Кеңес берудің негiзгi мақсаты - зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға және басқа да азаматтардың сұрақтарына құқықтық тұрғыдан кеңес беру. Сондай-ақ, осы іс-шара жемiстi және нәтижелi өткiзiлуі үшін жергілікті әкімшілік полиция қызметкері А.Отаров,  медиатор М.Нұржанов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бөлім басшысының орынбасары А.Асанов пен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының заңгері А.Жанахаева қатысты.
Азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға жергілікті тұрғындар қатысты.
Кеңес беру барысында негізінен несие, алимент төлеуден жалтару, тұрғын үй алу, жер алып беремін дегендерге алданып қалу, медиация және басқа да құқық­тық мәселелер бойынша,  сұрақтар қойылды.
Қоғамдық қабылдауға келген азамат­тардың барлығы заң нормаларына сәйкес түсініктеме алды. Мұндай кеңес беру ай сайын ұйымдастырылатын болады.
                     
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» 
қауымдастығы
27 сәуір 2018 ж. 1 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930